«Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы университеттің қайта құрылуына байланысты техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды іске асырудың тоқтатылғаны туралы хаба

Пресс-релиз

 «Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы университеттің қайта ұйымдастырылуына байланысты техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқытудың тоқтатылғанын хабарлайды. Университетті қайта ұймдастыру қажеттілігі төмендегі жағдайларға байланысты орын алды:

«Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 24 сәуірдегі №320 қаулысымен «Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып бөлініп, қайта ұйымдастырылды.

2024 жылдың 27 қыркүйегінде «Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ретінде Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтті, ЖСН 240940035132.

ҚР «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңындағы 34-баптың 5-тармағында көрсетілгендей, заңды лицензиатты-тұлға бөліну кезінде лицензиясының және (немесе) лицензияға қосымшаның және тұлға біліктілігі талаптарына сәйкестік негізінде жаңа заңды тұлға ретінде қайта ресімдеуді жүзеге асыра алады.

Ескеретін жайт, 2023 жылы университетте техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларына білім алушылардың қабылдануын тоқтату туралы шешім шығарылған, ал оған дейін қабылданған білім алушылардың оқуы аяқталысымен аталмыш білім беру бағдарламаларын тоқтату көзделген.

Осылайша ЖОО-нда 2023-2024 және 2024-2025 оқу жылдарына жаңа білім алушылар қабылданған жоқ, сондай-ақ тиісті курстарда профессорлық-оқытушылық құрам мен қажетті материалдық-техникалық жабдықтау және т.б. әрекеттер жүзеге асырылған жоқ.

Осы орайда, тиесілі лицензияларды қайта ресімдеу барысында «Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша біліктілік талаптарын растауға мүмкіндігі жоқ, сол себепті оларды іске асыру тоқтатылады.

«Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша барлық білім алушыларды ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» және «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылдың 20 қаңтарындағы №19 бұйрықтарындағы тәртіппен тиісті деңгейдегі басқа білім беру ұйымдарына ауыстыратыны туралы хабарлайды.

«Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша профессорлық-оқытушылар құрамына, қызметкерлерге және білім алушыларға алғысын білдіреді, сонымен қатар университеттің қайта ұйымдастырылуымен байланысты барлық міндеттемелердің орындалуына кепілдік бере отырып, алдағы қысталаң уақытта қажетті қолдау көрсетуге дайын екендігін мәлімдейді.