Академиялық ұтқырлық бағдарламасына конкурс жарияланады
Құрметті студенттер!Үндістан Республикасына (Дели қ.) академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға конкурс жарияланады.
Қатысуға шақырылады:
Бакалавриат:
• ББ «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» — 3–4 курс
• ББ «Фармация» — 4–5 курс
Магистратура:
• ББ «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» — 1–2 курс
• ББ «Фармация» — 2 курс
Орын саны: 7
Минималды GPA: 3.0
Оқу мерзімі: 10.01.2026 – 18.01.2026
Құжаттар қабылдау мерзімі: 11.11.2025 жылға дейін
Қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
• Студенттің жетістіктер портфолиосы
• GPA=3.00 және одан жоғары екенін растайтын транскрипт
• Ағылшын тілін білу және/немесе тілді меңгеру деңгейін растайтын құжат (бар болса)
• Академиялық үлгерімі бойынша қарызы және тәртіптік жазасы болмауы тиіс
• Ағылшын тілінде 500 сөзге дейін мотивациялық хат
Құжаттарды А.С. Ахметова, Фармация мектебінің деканының орынбасарына, 116-кабинетке тапсыру қажет.
Халықаралық білім алу тәжірибесін жинақтап, кәсіби дағдыларыңызды дамытуға және университетіміздің абыройын жоғары деңгейде танытуға тамаша мүмкіндік!
Жарнамалар лентасы
Жарияланды:
16.04.2026
Жарияланды:
13.04.2026
Жарияланды:
27.03.2026
Жарияланды:
26.03.2026
Жарияланды:
19.03.2026
Жарияланды:
18.03.2026
Жарияланды:
16.03.2026
Жарияланды:
11.03.2026