Ішкі аудит қызметі

«ҚМУ» КеАҚ (бұдан әрі - Қоғам) Ішкі аудит қызметі  ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін бақылауды және бағалауды, ішкі бақылау жүйесінің тәуекелдерін басқару аудитін, Академиялық адалдық саясатының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асырылуын мониторингілеуді, клиникалық аудитті, корпоративтік басқару саласындағы құжаттардың орындалуын және Ұйым қызметін жетілдіру мақсатында консультация беруді жүзеге асыратын Ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Қызметтің миссиясы ұйымның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу бойынша міндеттерді нәтижелі және тиімді орындау үшін тәуекелдер туралы хабардар ету жолымен Директорлар кеңесіне және ұйымның басшылығына қажетті жәрдем көрсету болып табылады.

Қызмет жұмысының негізгі мақсаты:

Қоғамның Директорлар кеңесіне тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару процестерін жетілдіруге жүйелі тәсілді енгізу арқылы тиімді басқаруды қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз және объективті ақпаратты ұсыну.

Қызметтің негізгі міндеттері:
  • Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін бағалау және аудит; 
  • нәтижеге бағытталған бюджетті пайдалану тиімділігін бағалау;
  • қоғамдағы ішкі бақылау жүйесінің тәуекелдерді басқару аудиті;
  • Бухгалтерлік есеп жүйесінің дұрыстығын, толықтығын, объективтілігін бағалау және оның негізінде Қоғамның қаржылық есептілігін жасау;
  • клиникалық аудит;
  • Қоғамның Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын бағалау және осы талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін құрылған және қолданылатын жүйелер мен рәсімдердің барабарлығын бағалау (комплаенс-бақылау);
  • қоғам ресурстарын пайдаланудың ұтымдылығы мен тиімділігін және қоғам активтерінің сақталуын қамтамасыз етудің қолданылатын әдістерін (тәсілдерін) бағалау;
  • қоғамдағы корпоративтік басқару процесін жетілдіруді бағалау;
  • қоғамның еншілес және бірлескен бақыланатын ұйымдарының ішкі аудит қызметтерінің қызметін әдіснамалық қамтамасыз ету және үйлестіру.

Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері Ішкі аудит қызметіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті кәсіби біліктілікке және жеке қасиеттерге ие. Қызмет қызметкерлері бейінді мәселелер бойынша оқудан өтіп, жыл сайын кәсіби біліктілігін арттырады. Ұйымдастырушылық, Тәуелсіздік, сана мен тәртіп, жұмыс жоспарларын сөзсіз орындау Ішкі аудит қызметінің сәтті жұмыс істеуінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.

Ішкі аудит қызметінің құрамы:
  • Талдыбаева Манара Дүйсенбайқызы - ішкі аудит қызметінің басшысы;
  • Укубаева Альфия Шайкисламовна - Білім және ғылыми қызмет бойынша аудитор;
  • Шолпан Қалымбекқызы Базарбекова - клиникалық аудитор.