Стоматология

Біліктілік: дәрігер

Дәреже: магистр

Білім беру бағдарламалары тобы: ВМ087

Шифр: 6В10115

Оқу ұзақтығы: 6 жыл, 360 кредиттер

Қабылдау шарттары: шекті деңгейі 75 балл және одан жоғары ҰБТ нәтижелері

Негізгі пәндер: биология, химия

Оқу ақысы 1 жыл: 1 600 000 теңге

Стоматология
Тулеутаева Светлана Толеуовна
Тулеутаева Светлана Толеуовна
Білім беру бағдарламасының жетекшісі

Білім беру бағдарламасының сипаттамасы

Алты жылдық білім стоматология саласында табысты клиникалық қызметті жүзеге асыруға қабілетті білікті стоматолог дәрігер, медицина магистрін дайындауға арналған. Оқу процесі стоматология саласындағы маманның негізгі құзыреттіліктерін меңгеру және дамыту үшін, оның ішінде ғылыми және клиникалық компоненттерді игеру үшін оңтайлы ұйымдастырылған. Білім беру бағдарламасы келесі блоктардан тұрады: жалпы білім беретін, негізгі және бейіндік пәндер. Оқыту қорытынды аттестациямен аяқталады – магистрлік диссертацияны жазу және қорғау, кешенді емтиханды дайындау және тапсыру.

Бейіндік пәндерді оқу кезінде сапалы медициналық көмек көрсету үшін шешуші маңызға ие тұлғааралық және мәдени құзыреттілік дағдыларын, оның ішінде кәсіби ортада сыни ойлауды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Науқастардың қауіпсіздігі үшін клиникалық дағдыларды меңгеру симуляциялық және білім беру технологиялары орталығында симуляциялық оқыту форматында басталады, үшінші курстан бастап кәсіби ортаға ену жүзеге асырылады – профессор-оқытушылар құрамының жетекшілігімен университеттің стоматологиялық клиникасында клиникалық оқыту басталады.

Сіз не үйренесіз?

1 курс
  • Медициналық білім беру ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы білім беру пәндері бойынша білімдерді интеграциялау
  • Нормативтік-құқықтық білімдер мен базалық пәндерді (анатомия және физиология) оқу
  • Симуляциялық технологиялар жағдайында медициналық манипуляцияларды меңгеру.
2 курс
  • Науқастармен алғашқы байланысқа дайындық жалғасуда және стоматологиялық практиканың негіздеріне көшу жүзеге асырылуда
  • Ғылыми ойлау негіздері бойынша білім алу
  • Стоматология негіздері, коммуникативтік дағдылар және стоматологиялық құралдармен жұмыс істеу дағдылары.
3 курс
  • пациенттерді күтуге көшу және кәсіби ортаға ену-симптомдарды/синдромдарды зерттей отырып, ғылыми ойлауды, ішкі ағзалардың ауруларын түсінуді дамыту.
  • стоматологиялық науқастарды тексерудің клиникалық дағдыларын игеру, стоматологиялық аурулардың алдын алу, кариозды процесті және оның асқынуларын, ауыз қуысының хирургиясы мәселелерін зерттеу, заманауи емдеу стратегияларын қолдану, биомедициналық ғылымдардың біліміне негізделген жергілікті анестезиямен ауырсынуды басқару.
  • Денсаулық сақтау субъектілеріне медициналық көмек көрсету кезінде, оның ішінде инвазивті араласулар мен жоғары қауіпті процедуралар кезінде нормативтік-құқықтық білім негізінде өз кәсібилігін жетілдіру және пациенттердің қауіпсіздігін түсіну.
4 курс
  • Дальнейшее развитие имеющихся клинических навыков и знаний, продолжение клинического знакомства с методами лечения различных групп пациентов, в том числе детей и пациентами с особыми потребностями.
  • Изучение ряд дисциплин в рамках подготовки к более сложному восстановительному стоматологическому лечению, клиническую эндодонтию.
  • Погружение в дисциплины, позволяющие понимать патологические процессы различных органов и систем, в том числе у беременных и детей.
  • Продолжают развиваться навыки командной работы, профессинализма и безопасного ведения пациентов.
5 курс
  • Ауыз қуысы, жақ-бет аймағы жарақаттары мен ісіктерін, қалпына келтіру стоматологиясының хирургиялық аспектілерін, пародонт ауруларын, ауыз қуысының шырышты қабығы мен еріннің қызыл жиегін тереңірек түсіну.
  • Тістің қалпына келтірудің күрделі мәселелерін, тіссіз пациенттерді емдеуді зерттеу, пациенттің емдеу жоспарын жасауға ерекше көңіл бөле отырып, ауыз қуысының денсаулығын жалпы денсаулық жағдайымен байланыстыру.
6 курс
  • Стоматологияның 5 негізгі бағыты бойынша горизонтальды және вертикальды интеграция: терапевтикалық, ортопедиялық және хирургиялық стоматология, балалар стоматологиясы және ортодонтия білім мен дағдыларды, соның ішінде көшбасшылық қасиеттерді, жеке және кәсіби өсуін қалыптастыруға және жетілдіруге мүмкіндік береді.

Адрес

Оқытудың соңғы нәтижелері

  1. Нормативтік-құқықтық білім
  2. Байланыс
  3. Медициналық білімдер
  4. Зерттеу
  5. Клиникалық дағдылар
  6. Кәсіпқойлық
  7. Жеке және кәсіби даму

Жұмысқа орналастыру

Білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаннан кейін түлектер мемлекеттік және жекеменшік денсаулық сақтау ұйымдарында дәрігер болып жұмыс істей алады және қолданыстағы нормативтік – құқықтық актлерге сәйкес жеке тәжірибемен айналысу құқығына ие болады.

Стоматологи