Медицина (Қазан қаласындағы ҚММУ-мен бірлескен білім беру бағдарламасы)
Серіктестер:
- ҚР ДСМ «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ
- РФ ДСМ «Қазан мемлекеттік медицина университеті» ФМБББ ЖОО
Дәреже: медицина магистрі
БББ тобы: BM086 Медицина
Шифр: 6В10117
Оқу ұзақтығы: 6 жыл
Оқу форматы: 6 жыл
- 1–3 курс — Қарағанды медицина университетінде (Қазақстан).
- 4–6 курс — Қазан мемлекеттік медицина университетінде (Ресей).
Қабылдау шарттары:
ҚММУ (Ресей) үшін:
- Кешенді тестілеу (РФ ББЖ ҰБТ ұқсас).
- Пәндер бойынша ең төменгі балл:
- Биология — 65 балл кем емес;
- Химия — 65 балл кем емес;
- Орыс тілі — 65 балл кем емес.
- Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері (ҰБТ): Жалпы балл — 70 балл кем емес;
ҚМУ (Қазақстан) үшін:
Оқу құны 1 жыл / 60 кредит: 1 500 000 тенге
Қабылдау кезінде қосымша мүмкіндіктер:
«Отандастар» бағдарламасы:
- Талапкерлер ерекше жағдайларда оқуға түсуге құқылы, егер: Ата-анасы, ата-әжелері бұрынғы КСРО аумағында дүниеге келген.
- Отандастар үшін артықшылықтар: Жеңілдікті төлем шарттарында оқу мүмкіндігі — Ресей Федерациясының азаматтары үшін.
БББ Миссиясы:
Халықаралық стандарттарға сай терең теориялық білімі, тәжірибелік дағдылары және зерттеу құзыреттері бар білікті медицина мамандарын даярлау.
Білім беру бағдарламасының сипаттамасы
Заманауи медицина іргелі теориялық білімге, практикалық дағдыларға және ғылыми ойлау қабілетіне ие мамандарды даярлауды талап етеді. Медициналық білім берудің жаһандану және интеграция жағдайында озық білім беру технологиялары, ғылыми зерттеулер мен клиникалық тәжірибелермен алмасу қажеттілігі туындайды. «Медицина» атты бірлескен білім беру бағдарламасы – Қарағанды медицина университеті (Қазақстан Республикасы) мен Қазан мемлекеттік медицина университетінің (Ресей Федерациясы) жетекші тәжірибесін біріктіреді. Бағдарлама халықаралық медициналық ортада тиімді жұмыс істей алатын білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Оқыту клиникалық тәжірибені, профилактикалық медицинаны, ғылыми зерттеулерді, оқытуды және денсаулық сақтау саласындағы басқаруды қамтиды.
Сіз не үйренесіз?
- Бірінші курста теориялық және тәжірибелік мықты база қалыптасады. Оқыту бағдарламасына гуманитарлық және әлеуметтік пәндер, сыни және ғылыми ойлауды дамыту, қазақ және латын тілдерін, сондай-ақ информатиканы меңгеру кіреді. Ерекше назар жаратылыстану ғылымдарына — биология, химия, физика, математикаға және базалық медициналық пәндерге: анатомия, физиология, гистологияға аударылады. Сонымен қатар, студенттер медицина тарихымен, денсаулық сақтау экономикасымен танысады, науқастарға күтім жасау дағдыларын меңгереді және алғашқы өндірістік тәжірибеден өтеді.
- Екінші курста медицинаның негізгі бағыттары бойынша тереңдетілген дайындық жалғасады. Бағдарламада философия, медициналық құқық, биоэтика пәндері оқытылады, сондай-ақ тілдік дайындық жалғасады, оның ішінде кәсіби шетел тілі де қамтылады. Ерекше назар адам морфологиясы мен физиологиясына, биохимияға, микробиология, вирусология, иммунология және молекулалық физиологияға аударылады. Аурулардың алдын алу негіздері, гигиена және тіршілік қауіпсіздігі меңгеріледі. Бағдарламаның практикалық бөлігі өндірістік тәжірибені және негізгі медициналық манипуляцияларды үйренуді қамтиды, бұл студенттерге клиникалық ортада білімдерін сенімді қолдануға мүмкіндік береді.
- Болашақ дәрігердің клиникалық ойлауын қалыптастырудағы негізгі кезең. Оқыту медициналық мамандарды даярлаудың халықаралық стандарттарына сай құрылады. Студенттер патологиялық анатомия мен физиологияны меңгереді, ішкі аурулар пропедевтикасы, фармакология, жалпы және операциялық хирургия пәндерін оқу арқылы диагностиканың негіздеріне терең үңіледі. Ерекше назар биомедициналық білімді дәрігерлік практикаға интеграциялауға аударылады, бұл теорияны клиникалық жағдайда тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, денсаулық сақтауды ұйымдастыру, менеджмент және басқару психологиясы пәндері оқытылады. Ғылыми зерттеу әдістемесі, дәлелді медицина және медициналық информатика арқылы зерттеу дағдылары дамытылады. Практикалық дайындық өндірістік тәжірибені, хирургиялық манипуляциялар мен шұғыл медициналық көмекті меңгеруді қамтиды.
- Студенттер медицинаның негізгі бағыттарын қамтитын тереңдетілген клиникалық оқыту кезеңіне өтеді. Бағдарлама Қазақстан мен Ресей Федерациясының стандарттарына сай жүзеге асырылады, бұл дәрігер даярлау ісінде халықаралық талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Ерекше назар терапияға, хирургияға (жалпы, балалар хирургиясы, урология, офтальмология және оториноларингологияны қоса алғанда), сондай-ақ аралас пәндерге: психиатрия, неврология, клиникалық иммунология, стоматология және сот медицинасына бөлінеді. Балалар мен әйелдерге медициналық көмек көрсетудің ерекшеліктері меңгеріледі, педиатрия, акушерлік және гинекология оқытылады. Бағдарлама шеңберінде студенттер дәрігер көмекшісі рөлінде өндірістік тәжірибеден өтеді.
- Бұл – студенттер нақты клиникалық тәжірибеге барынша жақын болатын қарқынды клиникалық дайындық кезеңі. Оқыту халықаралық стандарттар бойынша жүргізіледі, бұл үздік білім беру әдістерін үйлестіруге мүмкіндік береді. Студенттер акушерлік-гинекологиялық және педиатриялық тәжірибені, ішкі ауруларды, онкологияны, диагностиканы, клиникалық фармакологияны, инфекциялық ауруларды, сондай-ақ медициналық оңалту мен шұғыл көмекті терең меңгереді. Диагностика, алдын алу және емдеудің заманауи әдістері үйретіледі. Медициналық қателіктер, пациент қауіпсіздігі және кәсіби жауапкершілік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Практика стационарлар мен емханаларда өтеді, онда студенттер дәрігер көмекшісі ретінде нақты клиникалық жағдайларда кәсіби дағдыларын шыңдайды.
- Бұл дәрігер даярлаудың соңғы кезеңі болып табылады, ол клиникалық ротацияны, шұғыл жағдайларды басқаруды және қорытынды аттестацияны қамтиды. Оқыту Қазақстан мен Ресейдің халықаралық стандарттарына сай жүзеге асырылады, басты назар стационарлар мен емханалардағы практикалық қызметке аударылады. Студенттер терапия, хирургия, акушерлік-гинекология және педиатрия салаларына толықтай бойлап, шұғыл медициналық көмек көрсетуге белсенді қатысады, анестезиология мен реаниматология дағдыларын меңгереді. Сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстары да қатар жүргізіледі. Практика студенттердің дәрігер көмекшісі ретіндегі клиникалық шеберліктерін нығайтуға бағытталған. Соңғы кезең – екі университетте өтетін мемлекеттік аттестация, ол түлектің халықаралық деңгейде кәсіби қызметке дайын екендігін растайды.
Берілетін біліктілік: Дәрігер
6 жылдық оқудан кейін:
- РФ аумағында қосымша аккредитациясыз жұмыс істеу.
- Қазақстан Республикасында таңдаған мамандыққа резидентураға түсу.
Жұмысқа орналастыру
- «Медицина» (қос дипломды) білім беру бағдарламасының түлектері келесі мекемелер мен ұйымдарда жұмыс істей алады:
- Мемлекеттік және жеке меншік медициналық ұйымдар (емханалар, ауруханалар, диагностикалық орталықтар, мамандандырылған клиникалар);
- Медициналық ғылыми-зерттеу институттары мен зертханалар (іргелі және қолданбалы зерттеулерге қатысу);
- Білім беру ұйымдары (медициналық университеттер мен колледждерде оқытушы ретінде жұмыс істеу);
- Фармацевтикалық компаниялар (клиникалық зерттеулерге қатысу, медициналық консалтинг, жаңа дәрілік препараттарды әзірлеу);
- Сақтандыру компаниялары мен денсаулық сақтау ұйымдары (медициналық сақтандыру саласында жұмыс, медициналық аудит, сараптамалық қызмет);
- Халықаралық ұйымдар (ДСҰ, ЮНИСЕФ, денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары);
- Цифрлық медицина орталықтары мен медициналық технологиялар саласындағы стартаптар (денсаулық сақтау саласына арналған цифрлық шешімдерді әзірлеу және енгізу).