Стоматология

Біліктілік: жалпы тәжірибелік дәрігер стоматолог

Дәреже: бакалавр

Білім беру бағдарламалары тобы: B087 Стоматология

Шифр: 6B10122

Оқу ұзақтығы: 5+1 жыл, 300+60 кредит

Стоматология
Тулеутаева Светлана Толеуовна
Тулеутаева Светлана Толеуовна
Білім беру бағдарламасының жетекшісі

Білім беру бағдарламасының сипаттамасы

«Стоматология» білім беру бағдарламасы жалпы тәжірибелік дәрігер стоматолог даярлауға арналған. Оқу мерзімі 5 + 1 жыл, оның ішінде «6В10122 – Стоматология» білім беру бағдарламасы бойынша денсаулық сақтау бакалавры» біліктілігі берілетін бакалавриаттың 5 жылы және «Жалпы тәжірибелік дәрігер стоматолог» біліктілігі берілетін интернатураның 1 жылы. Білім беру бағдарламасының құрылымы жалпы білім беретін, негізгі және бейіндік пәндер блоктарынан тұрады. Оқыту қорытынды аттестаттау – тәуелсіз емтихан тапсырумен аяқталады. Базалық және бейіндік пәндерді оқу кезінде сапалы стоматологиялық көмек көрсету үшін шешуші мәнге ие медициналық білім мен дағдыларды, сыни тұрғыдан ойлауды және кәсіби ортада коммуникативті дағдыларды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Симуляциялық білім беру технологиялары орталығы жағдайында қауіпсіз орта қалыптасады, онда кейіннен университеттік клиникаларға ауыстыру үшін практикалық дағдылар игеріледі. Университет клиникаларында оқытушылардың жетекшілігімен клиникалық құзыреттіліктер қалыптасады.

Миссия

Өзінің кәсіби қызметінде негізгі міндеттерді шешуге, өмір бойы таным мен оқуға қабілеті бар және тәжірибеде жаңа технологияларды қолданатын халыққа стоматологиялық көмек көрсету кезінде басқа мамандармен тиімді өзара іс-қимыл жасауға қажетті білім мен дағдыларды меңгерген маманды даярлау.

Сіз не үйренесіз?

1 курс
  • Медициналық білім берудің ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы білім беретін пәндер бойынша оқу;
  • Базалық пәндер бойынша медициналық білімді қалыптастыру;
  • Симуляциялық технологиялар негізінде коммуникативті дағдыларды, негізгі медициналық дағдыларды қалыптастыру.
2 курс
  • Кәсіби ортада қарым-қатынас жасауда коммуникативті дағдыларды қалыптастыру, стоматологиялық тәжірибенің негіздерін оқып-үйрену, науқастармен алғашқы қарым-қатынас жасаудың тәжіребиелік дағдыларын қалыптастыру;
  • Базалық медицина ғылымдары бойынша білім алу.
3 курс
  • Кәсіби ортаға ену, ауысу, науқасты күту дағдыларын дамыту;
  • Стоматологиялық науқастарды тексеру, тіс ауруларының алдын алу, тісжегі процесін және оның асқынуларын, ауыз қуысы хирургиясы мәселелерін зерттеу, заманауи емдеу стратегияларын қолдану, білім мен биомедициналық ғылымдар негізінде жергілікті анестезияны қолдану арқылы ауырсынуды тежеудің клиникалық дағдыларын меңгеру;
  • Нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес пациенттердің қауіпсіздігі туралы түсініктерін қалыптастыру.
4 курс
  • Симптомдарды/синдромдарды зерттей отырып, ішкі ағзалары аурулары бар науқастардың әр-түрлі топтарын диагностикалау және емдеудегі клиникалық дағдылар мен білімдерді одан әрі дамыту;
  • Симптомдарды/синдромдарды зерттей отырып, ішкі ағза аурулары бар науқастардың әр-түрлі топтарын диагностикалау және емдеудегі стоматологиялық дағдылар мен білімдерді одан әрі дамыту.
5 курс
  • Жақ-бет аймағының стоматологиялық ауруларын түсінуге қажетті дағдылар мен білімдерді қалыптастыру;
  • Ауыз қуысының денсаулығын жалпы денсаулықпен байланыстыра отырып, науқасты кешенді емдеу жоспарын құруға ерекше назар аудара отырып, тістерді қалпына келтірудің күрделі мәселелерін шешуде білімдерін дамыту, тістері толық жоқ науқастарды жүргізу.
6 курс
  • 5 негізгі пәндер бойынша ротация: терапевтік, ортопедиялық және хирургиялық стоматология, балалар стоматологиясы және ортодонтия негізгі құзыреттіліктерді және одан әрі оқу мүмкіндіктерін дамыту.

Оқытудың соңғы нәтижелері

  1. Медициналық білім;
  2. Байланыс;
  3. Клиникалық дағдылар;
  4. Кәсіпқойлық;
  5. Жеке және кәсіби даму;
  6. Нормативті – құқықтық білім;
  7. Зерттеу.

Жұмысқа орналастыру

Білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін түлектер мемлекеттік және жеке денсаулық сақтау ұйымдарында жалпы тәжірибелік дәрігер стоматолог болып жұмыс істей алады және резидентура мен магистратурада оқуын жалғастыра алады.